Серіктестер

Түркістан облысында мақта өндірісіне 212,6 млрд теңге инвестиция салынады

Түркістан 12 қазан, 2026

Түркістан облысында 2030 жылға дейін жалпы құны 212,6 млрд теңгені құрайтын бес мақта кластері іске қосылады. Жобалар аясында 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы «AQ-DALA – 2026» іс-шарасында айтылды.

Дүниежүзілік мақта күніне орай Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округінде өткен шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мақта шаруашылығының еңбеккерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл өңірде 173,6 мың гектар жерге мақта егілген. Маусым қорытындысы бойынша 556 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Қазір мақта алқаптарының 91 мың гектарында су үнемдеу технологиялары қолданылады.

Өңірде мақтаны өсіруден бастап, оны өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі өндірістік тізбекті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалардың нәтижесінде жылына 229,5 мың тонна дайын өнім өндіру көзделген.

Бүгінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС 52 мың гектарға мақта егіп отыр. Кәсіпорынның жалпы қуаты жылына 180 мың тонна болатын екі мақта өңдеу зауыты бар. Сонымен қатар тамшылатып суару таспасы мен ПВХ құбырларын өндіретін зауыттар және жіп иіру фабрикасы іске қосылған. Нәтижесінде 1200 жұмыс орны ашылған.

Алдағы уақытта тағы екі мақта өңдеу зауыты мен жылына 5 мың тонна мақта тұқымын өндіретін кәсіпорын іске қосылмақ. «TURAN» арнайы экономикалық аймағында тоқыма емес материал, мата бояу, киім және джинс маталарын өндіретін кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта облыста 29 мақта өңдеу зауыты мен 169 мақта қабылдау бекеті жұмыс істейді. Олар жылына 1 млн тоннадан астам шитті мақтаны қабылдап, өңдеуге қауқарлы. Мақта шаруашылығындағы 25 мыңға жуық агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысында 466 мың тоннаға жуық шитті мақта жиналып, орташа өнімділік гектарына 32 центнерге жетті. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.