Серіктестер

Атырау университетінде түрік тілі аудиториясы ашылды

Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз
Орталық Азия 5 қазан, 2026

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен түрік тіліне арналған жаңа дәрісхана ашылды, деп хабарлайды turkistan.today
 

Аудиторияның салтанатты ашылуына университет ректоры Саламат Идрисов, TİKA-ның Қазақстандағы координаторы Фуат Ердоумуш, агенттік мамандары және бірқатар мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.

Қазір Атырау университетінде 200-ден астам студент түрік тілін оқып жатыр. Жаңа дәрісхана студенттердің тіл үйренуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Атырау университетінде 200-ден астам студент түрік тілін оқып жүр. Жаңа дәрісхана олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды деп сенемін. Бұл бастаманы жүзеге асыруға қолдау көрсеткен TİKA ұжымына және Фуат Ердоумуш мырзаға университет атынан алғыс айтамын», – деді ректор Саламат Идрисов.

Университеттің Түркияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы да кеңейіп келеді. Жақында Атырау университеті Анкара Хаджы Байрам Вели университетімен екіжақты байланыс орнатты. Сонымен қатар Карабүк университетімен «Бағдарламалық/Компьютерлік инженерия» бағыты бойынша магистранттарды бірлесіп даярлайтын қос диплом бағдарламасы іске қосылды.

Бұған дейін Нийде Өмер Халисдемир университетімен қос дипломды білім беру және шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ортақ бағдарламалар жүзеге асырылып келген.

Сондай-ақ көптілді білім беру факультетінде Түркияның Невшехир университетінің профессоры Адем Огер бастаған мамандар үш жылдан бері түрік тілінен сабақ беріп келеді. Атырау университетінің студенттері Түркияның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жүр.

TİKA – Түркияның халықаралық ынтымақтастық және даму жобаларын жүзеге асыратын мемлекеттік агенттік. Ұйым білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік салалардағы жобаларға қолдау көрсетеді.

Жаңа дәрісхана Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.