Серіктестер

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: қызметшілердің құқықтары мен міндеттері өзгерді

Түркістан 30 қыркүйек, 2026

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қолданысқа енгізілді. Құжат мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және тәртіптік жауапкершілікті реттеу бағытындағы бірқатар жаңашылдықты қамтиды.

Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер кәсіби міндеттерін орындаумен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтап, қоғам алдындағы беделіне жауапкершілікпен қарауға тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіруі немесе қоғамда жағымсыз резонанс тудыруы мүмкін әрекеттерден аулақ болуы қажет.

Заңда мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру тетіктері де кеңейтілген. Атап айтқанда, көтермелеу шараларының қатарына тәртіптік жазаны белгіленген мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігі енгізілді.

Сонымен бірге қызметтік міндеттерді тікелей орындауға қатысы болмаса да, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Олардың қатарында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару бар.

Тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдері де нақтыланды. Жаңа заңға сәйкес, тәртіптік жаза қолданудың мынадай шекті мерзімдері белгіленген:

  • ескерту түріндегі жаза – екі айдан аспауға тиіс;
  • сөгіс – үш айдан аспауға тиіс;
  • қатаң сөгіс – төрт айдан аспауға тиіс;
  • қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымдық деңгейін төмендету немесе сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану – алты айдан аспауға тиіс.

Бұдан бөлек, заңда тәртіптік жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тәртіптік жазамен байланысты емес құқықтық ықпал ету шараларының ұғымдары енгізілді. Бұл тәртіптік істерді қарау кезінде әрбір жағдайдың ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға да ерекше назар аударылған. Атап айтқанда, құқық бұзушылық профилактикасы қызметі, яғни Әдеп жөніндегі уәкіл, қызметшілердің кәсіби қызметіне заңсыз араласу, лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты негізсіз айып тағу, қудалау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттерге қатысты сотта олардың мүдделерін білдіріп, құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.

Осылайша, жаңа заң мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі мен әдеп талаптарын күшейтумен қатар, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктерін де қамтиды.

МАТЕРИАЛДЫ ДАЙЫНДАҒАН: Нұрсұлтан СӘДІБЕК,ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.