Шыңғыс Мәдібек Stan.kz ақпарат агенттігінің бас директоры болып тағайындалды. Ол 2021 жылдан бері осы медиада даму жөніндегі директор қызметін атқарып келген.
Шыңғыс Мәдібек 1994 жылғы 15 маусымда дүниеге келген. 2018 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде халықаралық құқық мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Оның медиа саласындағы тәжірибесі 12 жылдан асады. Кәсіби қызметінде медиаменеджмент, стратегиялық коммуникациялар және мемлекет пен бизнес арасындағы байланысты дамыту бағыттарында жұмыс істеген.
Сондай-ақ ол Астана экономикалық форумы, KADEX қару-жарақ және технологиялар көрмесі, Қазақстан мен Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытай арасындағы форумдар, Meta Sport Forum және Qazaqstan Barysy турнирлері сияқты халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысқан.
Бұған дейін Шыңғыс Мәдібек Цифрлық экономиканы дамыту орталығында, Qazaq Kuresi қауымдастығында және Nur.kz ақпараттық порталында жұмыс істеген.
Жаңа қызметінде ол Stan.kz-тің стратегиялық дамуына, медиа нарығындағы позициясын нығайтуға және жаңа бағыттарды іске асыруға басымдық бермек.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.