Серіктестер

Astana AI Film Festival 2026 аяқталды: халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар 4 қазан, 2026

Astana AI Film Festival 2026 халықаралық фестивалінде бас жүлде мен 450 мың долларды латвиялық режиссер Николай Шестак иеленді. Байқауға әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен.

1–3 қазан аралығында Астанада жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдерге арналған Astana AI Film Festival 2026 өтті. Халықаралық байқауға 125 елден 8 067 өтінім түсіп, іріктеу нәтижесінде 25 жұмыс финалға жолдама алды.

Қазылар алқасының шешімімен негізгі байқаудағы жеңімпаздар анықталды. «The First Honest Day» фильмі үшін Латвия өкілі Николай Шестак Гран-при мен 450 мың доллар иеленді. Үндістандық Abhik Banerjee «SITARA» туындысымен екінші орынға шығып, 200 мың доллар алды. Ал испаниялық Ernest Desumbila «Looking For Perseida» фильмі үшінші орын мен 100 мың доллар жүлдеге ие болды.

Фестиваль аясында бес арнайы номинация бойынша да үздіктер марапатталды. Қазақстандық режиссер Мырзахан Жұмахан «IT WAS JUST A JOKE» комедиялық фильмімен Best Character номинациясын жеңіп алды. Best Story жүлдесі Қытайдың 2xLabs командасына, Best Visual номинациясы италиялық Jacopo Zanetti-ге, Best Direction марапаты Jacopo Reale-ге, ал Best Concept жүлдесі америкалық Zachary London-ға берілді.

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау жасанды интеллект арқылы кино түсіруге деген халықаралық қызығушылықты көрсетті. Шара әр елдің авторларына шығармашылық тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды кино өндірісінде қолдану мүмкіндіктерін таныстыруға жол ашты.

Astana AI Film Festival-дың жалпы қаржыландыру қоры 2 миллион долларды құрайды. Оның бір бөлігі байқау жеңімпаздарына берілсе, қалған қаражат Қазақстандағы AI-жобалар мен өндірісті дамытуға бағытталған перспективалы командаларды қолдауға арналған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.