Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан кейінгі 35 жылға жуық уақыт ішінде Кеңес Одағының саяси және тарихи мұрасынан біртіндеп алыстап келеді. Бұл туралы саясаттанушы Аркадий Дубнов Berkinbayev_Podcast-қа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkistan.today
Оның пікірінше, бүгінде аймақ елдерінің алдында жаңа типтегі мемлекеттер құрумен қатар, өз ұлттық бірегейлігін қалыптастыру міндеті тұр.
«Орталық Азия Мәскеуден тәуелсіз өмір сүріп келе жатқанына 35 жылға жуықтады», — деді сарапшы.
Дубновтың айтуынша, Кеңес Одағының ыдырауынан кейін аймақтағы мемлекеттер үшін тәуелсіз даму жолын қалыптастыру оңай болған жоқ.
«Бұл процесс ауыр жүріп жатыр: ескі кеңестік империялық өткен кезең біртіндеп шегініп келеді», — деді ол.
Сарапшы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды Орталық Азия елдерінің тәуелсіздік жолындағы негізгі процестердің бірі деп санайды.
Сонымен қатар Дубнов аймақтағы мемлекеттердің жағдайы бір-бірінен ерекшеленетінін атап өтті. Сондықтан олардың Мәскеумен қарым-қатынас орнату тәсілі де әртүрлі болуы заңды.
Мәселен, Өзбекстан тәуелсіз саясат жүргізіп келеді. Ел Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына да, Еуразиялық экономикалық одаққа да кірмейді және сыртқы әлеммен көпвекторлы байланысын сақтап отыр.
Ал Түрікменстан бейтараптық саясаты арқылы белгілі бір артықшылықтарға ие. Дубновтың айтуынша, елдің Ресейге экономикалық тәуелсіздігі де маңызды рөл атқарады.
Сарапшының пікірінше, алдағы жылдары Орталық Азия үшін басты міндеттердің бірі — әр елдің ерекшелігін ескере отырып, өз даму моделін қалыптастыру және посткеңестік кеңістіктен тәуелсіз ұлттық бірегейлікті нығайту.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.