Серіктестер

Түркістан спортшылары Азия ойындарынан жүлдемен оралды

Түркістан 30 қыркүйек, 2026

Түркістан облысының спортшылары Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы жарыстарын сәтті аяқтап, елге жеңіспен оралды. Құрлықтың ірі спорт додасында өңір өкілдері Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы қос қайық (M2−) санатында бақ сынаған Владислав Яковлев пен Иван Чернухин алтын медаль иеленіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ал байдарка және каноэде ескек есуден жарысқа қатысқан Ольга Шмелёва екі жүлдеге қол жеткізді. Ол жарыстың бір бағдарламасында күміс, екіншісінде қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Түркістан облысының спортшылары Азия ойындарында әзірге 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды ел қоржынына қосты. Өңірден құрлықтық додаға 30-дан астам спортшы қатысып жатыр.

Жеңіспен оралған спортшыларды Түркістан халықаралық әуежайында жақындары, жанкүйерлер және спорт саласының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Қарсы алу рәсіміне ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Тулебаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысты.

Ертай Алтаев спортшылардың нәтижесіне тоқталып, олардың халықаралық аренада көрсеткен өнерін жоғары бағалады.

«Жазғы Азия ойындары – құрлықтағы спортшылар үшін аса маңызды әрі беделді жарыстардың бірі. Түркістан облысынан 30-дан астам спортшы қатысып, бүгінде ел қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль салды. Әлі де нәтижесін күтер спортшыларымыз бар. Бұл жетістіктің артында спортшылардың еңбегімен қатар, жаттықтырушылар мен ата-аналардың қолдауы тұр», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ол сондай-ақ Түркістандағы ескек есу арнасының спортшыларды даярлаудағы маңызын атап өтті. Заманауи спорт нысаны өңірдегі су спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік беріп, кәсіби спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындалуына жағдай жасап отыр.

Айта кетейік, Владислав Яковлев пен Ольга Шмелёва Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Ал Иван Чернухин облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі.

Өңірде спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып, спортшыларға қажетті жағдай жасауға басымдық беріліп келеді. Ал Азия ойындарында жүлде алған түркістандық спортшылар алдағы халықаралық жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғауға ниетті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.