Серіктестер

Түркістанда әлемнің 20 елінен келген өнерпаздар қазақ әндерін орындайды

Фото: Түркістан әкімшілігі
Фото: Түркістан әкімшілігі
Түркістан 21 қыркүйек, 2026

25-27 қыркүйек күндері Түркістандағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Өнер додасына әлемнің 20 елінен келген орындаушылар қатысады, деп хабарлайды turkistan.today

«Voice of Turan» фестивалі қазақ музыкасы мен қазақстандық авторлардың шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. Биыл өнер додасы жетінші рет ұйымдастырылады.

Фестивальге Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея және Бразилиядан, сондай-ақ Тыва, Қарачай және Башқұртстаннан өнерпаздар келеді. 

Фестивальдің басты ерекшелігі – шетелдік орындаушылардың қазақ әндерін орындауы. Бұл жоба арқылы ұлттық музыка шетелдік көрерменге таныстырылып, Түркістанның тарихи-мәдени келбеті де кеңінен насихатталмақ.

Үш күнге жоспарланған музыкалық бағдарлама

25 қыркүйекте түркітілдес елдердің танымал өнерпаздарының қатысуымен «Zhibek zholy әуендері» гала-концерті өтеді.

26 қыркүйекте фестивальдің салтанатты ашылуы және «Жұлдызды жұп» кезеңі ұйымдастырылады. Шетелдік қатысушылар қазақстандық өнер шеберлерімен бірге қазақ әндері мен заманауи хиттерді орындайды.

27 қыркүйекте «Қазақ әні» кезеңі өтеді. Қатысушылар халық әндері мен қазақ композиторларының шығармаларын кәсіби қазылар алқасына ұсынады. 

Қолөнер жәрмеңкесі де өтеді

Фестивальмен қатар 26-28 қыркүйек аралығында «Turkistan Brand.Craft Fair» халықаралық қолөнер және экологиялық өнімдер жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Бағдарламада этнодефиле, концерттер, қолөнер көрмелері мен шеберлік сағаттары, «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесі және туристік бизнес-форум бар.

Мәдени шаралар қазақ өнері, ұлттық қолөнер және туризм бағыттарын тоғыстырып, Түркістанның халықаралық мәдени орталық ретіндегі әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.