Созақ ауданында «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Шолаққорған ауылындағы мәдениет сарайында өткен жиынға партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алмас Салимов пен облыстық сайлауалды штаб өкілдері қатысты.
Кездесу барысында партия мүшелері алдағы бес жылда жүзеге асыруды көздейтін бастамалар мен негізгі міндеттерді таныстырды. Бағдарламаның өзегінде тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру және халықты толғандырған мәселелерді шешу міндеттері тұр.
Бағдарлама бірнеше басым бағытты қамтиды. Соның бірі – «Заң мен тәртіп». Бұл бағыт аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, 9 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату және тұрғындардың өтініш-шағымдарын қарауға арналған 400-ден астам «Әділет керуені» қабылдауын ұйымдастыру жоспарланған.
Ал «Тиімді институттар» бағыты бойынша депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейту, қоғамдық қабылдаулар мен есеп беру кездесулерінің санын арттыру көзделіп отыр.

«Қуатты өңірлер» бастамасы тұрғын үй құрылысын өрістетуге, елді мекендерді газбен қамту көрсеткішін 97 пайызға жеткізуге және 2 500 шақырым жолды жөндеуге бағытталған.
Экономикалық мәселелер де назардан тыс қалмаған. «Әділ экономика» бағыты аясында ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту, жаңа өндірістік жобаларды іске қосу және жұмыс орындарын көбейту міндеттері белгіленген.
Бұдан бөлек, бағдарламада цифрлық технологияларды енгізу, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, білім беру мен медицина сапасын арттыру, спорт және мәдениет салаларын дамытуға қатысты ұсыныстар бар.
Экологиялық мәселелер «Таза Қазақстан» бағыты бойынша қарастырылған. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселелеріне басымдық берілген.
Жиын барысында Алмас Салимов бағдарламаның басты ерекшелігі нақты сандық көрсеткіштер мен орындалуы тиіс міндеттердің белгіленгенінде екенін атап өтті.
«Партия үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау және тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуіне ықпал ету», – деді Алмас Алтайұлы.
Кездесу қорытындысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламада көзделген міндеттердің орындалуы тұрақты бақылауда болатынын мәлімдеді. Өз кезегінде жергілікті тұрғындар ұсынылған бастамаларды қолдайтындарын білдірді.
Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.