Мәжіліс депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықпен марапатталды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Марапат кеше Астана қаласындағы Жастар театрында тапсырылды. Сыйлықты Шыңғыс Айтматов академиясының президенті, академик Абдылдажан Ақматалиев табыстады.
Жанарбек Әшімжанға марапат қазақ-қырғыз әдебиеті мен мәдениетін, екі халықтың рухани тамырластығын насихаттауға қосқан үлесі үшін берілген.
Ақын бұл сыйлықты үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп атап, қазақ-қырғыз халықтарының достығы мен рухани сабақтастығы нығая беруіне тілектестік білдірді.

+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.