Серіктестер

Нұржас Садырбаев — «Voice Beyond Horizon» жеңімпазы

Мәдениет 24 сәуір, 2026

Қазақстандық жас әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті. Өнерпазды жеңісімен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады,— деп хабарлайды turkistan.today

Министр өз құттықтауында өнерпаздың таланты, табандылығы мен сахнадағы шеберлігі халықаралық деңгейде жоғары бағаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, Нұржастың жетістігі – қазақ өнерінің абыройын асқақтатқан маңызды оқиға.

«Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты», - деді Аида Балаева.

Министр жас өнерпазға алдағы шығармашылық жолында жаңа жетістіктер тілеп, қазақ өнерінің халықаралық деңгейде дами беруіне сенім білдірді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.