Зерендінің «Гранитный – Васильковка» жолы жөнделіп, пайдалануға берілді

Жаңалықтар 27 қазан, 2025

Ақмола облысының Зеренді ауданында «Астана – Петропавл» автожолынан бастап Гранитный кенті арқылы Васильковка ауылына дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары толық аяқталды,- деп хабарлайды turkistan.today

Ұзындығы тоғыз шақырым болатын бұл аудандық маңызы бар учаске өңірдің көлік жүйесінде маңызды рөл атқарады. Аталған жол бірнеше елді мекенді байланыстырып, жергілікті карьерлерден тасымалданатын жүк көліктерінің қозғалысын қамтамасыз етеді. Сондықтан ол аудан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие.

Жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2024 жылы Зеренді ауданының әкімдігі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген болатын. Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде мердігер ұйым болып «Көкшетау Жолдары» ЖШС анықталды. Жобаны іске асыруға 2025 жылы бюджеттен қаржы бөлінді.

Жоба шеңберінде ресайклинг әдісімен жолдың негізін нығайту, су өткізу құбырларын жөндеу және қалпына келтіру, жол жиегін бекіту, жол белгілерін орнату, таңбалау жұмыстарын жүргізу және қалыңдығы алты сантиметр болатын жаңа асфальт жабындысын төсеу қарастырылған.

Конысбай ауылдық округінің әкімі Жасқайрат Еслямбековтың айтуынша, мердігер ұйым барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындаған.

«Бір айдан астам уақытта мамандар барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтады. Ұзындығы 4,1 шақырым болатын бөлікте жаңа асфальт төселіп, қазір жол жиегін абаттандыру аяқталып келеді. Гранитный кентінің тұрғындары бұл жөндеуді он жылдан астам күткен еді және бірнеше рет әкімдікке жүгінген. Қазір халық риза – жол ыңғайлы әрі қауіпсіз болды», – деді ол.

Бұған дейін бұл учаске ең проблемалы жолдардың бірі саналатын. Себебі ауыр жүк көліктерінің жиі қозғалысы салдарынан жабын жиі бұзылып, тұрғындарға қолайсыздық пен қауіп төндірген еді. Ал жаңартылғаннан кейін елді мекендер арасындағы қатынас әлдеқайда жеңілдеп, жол сапасы заманауи стандарттарға сай болды.

Аудан әкімдігінде атап өтілгендей, «Гранитный – Васильковка» жолының жөнделуі – Зеренді ауданының жол желісін жаңғыртудың кешенді жоспарының бір бөлігі. Алдағы жылдары осындай жөндеу жұмыстары басқа бағыттарда да жүргізілмек.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.