ТОП-10: Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік экспорттаушылары қатарына енді

Жаңалықтар 15 мамыр, 2025

Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, ал экспорты 4,8 есе өсті. Импорт 11%-ға азайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемдегі үздік 10 экспорттаушының қатарына еніп, 8-орынды иеленді,- деп хабарлайды turkistan.today

Сонымен қатар, Қазақстан Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі.

Өткен маусымда май мен шрот экспортынан $562 млн табыс түсті. Жақын жылдары бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Біз ішкі нарықты толық қамтып, экспортты арттырудамыз. QazTrade экспортты қолдаудың нақты құралдарын іске асыруда: сауда миссиялары, акселерация, шығындарды өтеу. Соңғы 5 жылда өсімдік майы экспорты тұрақты өсуде», — деді QazTrade бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.