Серіктестер

Танымал тұлғалар «Әділет» партиясын қолдап, қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды

Жаңалықтар Бүгін, 12:13

Елімізге белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, педагогтар мен кәсіпкерлер қазақстандықтарды 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуғашақырды. Олар әлеуметтік желіде жариялағанүндеуінде «Әділет» партиясының сайлауалдыбағдарламасындағы бастамаларды қолдайтынынайтты. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Отан» орденінің иегері Досхан Жолжақсынов, Еңбек ері, танымал педагог Аягүл Миразова, әнші Луина жәнекәсіпкер Әділ Тасболатов бар.

Досхан Жолжақсынов қазақстандықтарды Құрылтай сайлауында дауыс беруге шақырды

Қазақ киноөнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, қазақтыңкөрнекті тұлғалары Құнанбай мен Біржан салдыңбейнесін сомдаған актер Досхан Жолжақсынов дәлқазір Қазақстанның болашағы үшін оң өзгерістер кезеңібасталғанын атап өтті. Осы орайда ол әр азаматтыңосы процеске өз үлесін қосуы маңызды екенінетоқталды

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бастағанөзгерістердің ең басты мақсат-мүддесі – Заң мен тәртіп. Ал бүл дегеніміз «Жаңа Қазақстан», бұл «Таза Қазақстан». Сондықтан, 23 тамыз күні Құрылтайсайлауында мен осы реформаларды толық қолдайтын«Әділет» партиясына дауыс беремін. Сіздерді де таңдау жасауға шақырамын», – дейді актер.

Аягүл Миразова «Әділет» партиясының білім мен ғылымға қатысты бастамаларын қолдады

Еңбек ері, танымал педагог Аягүл Миразова «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында білім, ғылым және ұлттық құндылықтарға басымдықберілгенін айтты.

«Санаулы күннен кейін елімізде Құрылтай сайлауыөтеді. Өз басым білім саласының өкілі болғандықтан, білімге де, ғылымға да, ұлттық құндылықтарымызға да ерекше көңіл аударып отырған «Әділет» партиясынадауыс беремін. Сіздерді де осы партия үшін дауысберуге шақырамын», – деді ұстаз

Әнші Луина «Әділет» партиясының ұстанымынқолдайтынын айтты

Жастар арасында танымал әнші Луина да «Әділет» партиясының бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Әнші партия мүшесі ретінде саяси ұйымның іс-шараларына қатысып, сайлауалды бағдарламасыментолық танысқанын айтты. 

«Мен осы өзгерістерден сырт қалмайын деп, өзім де «Әділет» партиясына мүше болдым. Мен үшін «партия қазақстандықтар үшін не ұсына алады, қандаймақсаттары бар?» деген сұрақтардың жауабын білумаңызды еді. Іс-шараларына қатыса отырып, партияның «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасыбүкіл салаларды қамтитытын көрдім, сондықтан, 23 тамыз күні «Әділет» партиясына дауыс беріңіздер», – дейді әнші.

Әділ Тасболатов: «Мен өз таңдауымды жасадым!»

Кәсіпкер Әділ Тасболатов елдің болашағы баршаазаматқа ортақ екенін айтып, қазақстандықтардыҚұрылтай сайлауына қатысуға шақырды.

«Соңғы айларда мен саясат туралы айтып қанақоймай, «Әділет» партиясының мүшесі болдым, оныңсьезіне қатыстым, іс-шараларында сөз сөйледім. Мен бұл жұмысқа бар күш-жігерім мен уақытымдыарнадым. Сондықтан, мен үшін 23 тамыз маңызды күн. Мен өз таңдауымды жасадым! Сіздер де «Әділет» партиясын қолдаңыздар!», – деді Әділ Тасболатов.

Айта кетейік, «Әділет» партиясының бес жылдықсайлауалды бағдарламасында балабақшалардакемінде 79 мың, ал мектептерде кемінде 300 мың жаңаоқушы орнын ашу көзделген.

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатыесебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.