Реклама
Серіктестер

Түркістанда Конституция аллеясының құрылысына бастау берілді

Түркістан Бүгін, 20:22

Түркістан қаласында ел тарихы мен конституциялық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған жаңа қоғамдық кеңістік – Конституция аллеясы салынады. Бүгін нысанның іргетасына арнайы капсула салу рәсімі өтті.

Салтанатты шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы аясында ұйымдастырылды.

«Астана» саябағындағы Мемлекеттік рәміздер алаңымен сабақтасатын аллеяның негізін қалау рәсіміне Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров және шетелдік делегация өкілдері қатысты.

Эльвира Азимова бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, оның ел тәуелсіздігінің тарихына, конституциялық қағидаттарға деген құрметті білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ жобаның келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті айқындайтын символдық мәні бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімі Нұралхан Көшеров тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау, оның тұғырын нығайту және ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршаға ортақ міндет екенін айтты.

Тарихи шешімдер қабылданып, ел бірлігі мен әділдік қағидаттары қалыптасқан Түркістанда Конституция аллеясының бой көтеруі ерекше маңызға ие. Жаңа нысан мемлекеттіліктің сабақтастығын, тәуелсіздік құндылықтарын және заң үстемдігі идеясын дәріптейтін қоғамдық орынға айналмақ.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.