Реклама
Серіктестер

Алматыда ЖОО басшылары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ел дамуының келешегін талқылады

Жаңалықтар Бүгін, 12:15

Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов төрағалық еткен жиынға мегаполистегі 36 жоғары оқу орнының жетекшілері қатысып, мемлекеттің жетістіктері, білім мен ғылымды дамыту және жастардың әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында еліміздің тәуелсіздік кезеңінде жүріп өткен жолы мен қол жеткізген нәтижелері сараланып, алдағы жылдарға арналған даму міндеттері сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар жоғары білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту, ғылыми зерттеулерді дамыту және жас ұрпаққа қолайлы жағдай жасау бағыттарына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде жастарды ел дамуының қозғаушы күші ретінде атап өтіп, олардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасаудың маңыздылығын үнемі көтеріп келеді. Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Алматыда жастардың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, қабілеттерін шыңдауына және жаңа бастамаларын іске асыруына қолдау көрсету басым бағыттардың бірі саналады. Бұл жұмыс қала әкімі Дархан Сатыбалды белгілеген міндеттерге сәйкес жүргізілуде.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Абзал Нүкенов жоғары оқу орындарының ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

«Тәуелсіздіктің 35 жылында Қазақстан мемлекеттің одан әрі дамуына берік негіз қалыптастырды. Бүгінде жоғары оқу орындарының алдында стратегиялық міндет тұр. Ол – білім сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаумен қатар, терең білімді, азаматтық жауапкершілігі жоғары, заманауи сын-қатерлерге жауап бере алатын жаңа буын азаматтарды қалыптастыру. Еліміздің одан әрі экономикалық өсімі, қоғамдық прогресі мен бәсекеге қабілеттілігі жастардың зияткерлік әлеуетіне, ғылымның дамуына және инновациялардың енгізілуіне тікелей байланысты», – деді ол.

Жиынға қатысқан университет басшылары қоғамдық диалогты дамытуға және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында өткізілетін ғылыми, мәдени-ағартушылық, спорттық және патриоттық іс-шаралар жоспары талқыланды. Сондай-ақ 2027 жылы атқарылатын ортақ жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Кездесу соңында әкімдік пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ортақ келісімге қол жеткізілді. Тараптар студенттік ортаны дамыту, жастардың тың идеялары мен жобаларына қолдау көрсету және бірлескен бастамаларды іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.