Түркістан облысындағы балаларға арналған мүмкіндіктер: даму, қолдау және болашақ

Жаңалықтар 26 маусым, 2025

Түркістан облысында соңғы жылдары білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік қолдау салаларында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бұл бастамалардың барлығы балалардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, денсаулығын қорғауға және сапалы білім алуына бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today

 

Түркістан қаласында «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен 2023 жылы мектеп оқушылары арасында бірнеше спорт түрінен жарыс өтті». Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деген тақырыппен өткізілген бұл шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақ арасында достық байланыстарды нығайту.

Жарыс барысында жасөспірімдер волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен өзара бақ сынасуда. Оған Түркістан қаласының 15 мектебінен келген оқушылар қатысуда. Жарысқа қатысушылардың белсенділігі, ынтасы мен қабілеттері олардың спортқа деген қызығушылықтарының жоғары екенін көрсетеді.

Шахмат жарысы «Сауран» тұрғын алабында өтті. Интеллектуалды ойынға қатысушылар арасындағы бәсекелестік аса жоғары болды. Ұлдар арасында №8 мектептің оқушысы бірінші орынды жеңіп алса, қыздар арасында №6 мектептің спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл шахматшылардың қажырлы еңбектерінің нәтижесі екені сөзсіз. Осындай жарыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері дамып, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыстары арта түседі.

Волейбол жарысы Яссы тұрғын алабында ұйымдастырылды. Мұнда №15 М.Жұмабаев мектебінің командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орын №24 М.Шоқай мектебінің, ал үшінші орын №14 Қазыбек би мектебінің спортшыларына бұйырды. Командалардың шеберлігі мен тактикалық ойлауы көрермендерді тәнті етті. Ойын барысында көрсетілген тамаша комбинациялар мен командалық жұмыс жастардың бір-біріне деген сенімділігін арттыра түсті.

Тоғызқұмалақ жарысы «Бірлік» тұрғын алабында өтті. Бұл ұлттық ойынға қатысқан №27 Ө.Жәнібеков пен Е. Иззатуллаев атындағы мектептердің оқушылары арасында ерекше қызығушылық байқалды. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік ойыншылар анықталып, марапатталды. Тоғызқұмалақ – тек ойын ғана емес, сонымен қатар ой-өрісті кеңейту, стратегиялық ойлауды дамытуға зор әсер етеді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар мен дипломдармен марапатталды. Осындай жарыстар Түркістан қаласындағы жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Жас спортшылардың жетістіктері қалалық әкімдік пен спорт ұйымдарының алдағы уақытта да балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық шараларды ұйымдастыру жоспарларын бекіте түсері анық.

Жыл сайын өткізілетін бұл дәстүрлі спорт жарысы алдағы уақытта «Шауғар», «Отырар», «Бекзат» секторларында үстел теннисі, баскетбол, дойбы сынды спорт түрлерімен жалғасады. Спорт – жастар үшін өмірдің мәні, ал салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі.

Балаларға қолдау көрсету – тек әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана емес, елдің болашағына жасалған инвестиция. Түркістан облысы бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Жаңа мектептер мен ауруханалардың салынуы, спорттық және шығармашылық орталықтардың ашылуы, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы – балалардың жан-жақты дамуына жол ашып отыр.

Түркістан облысындағы 37 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының ұйымдастыруымен «Жаз қызығы – көңілді демалыс» атты іс-шара барлық өңірде өткізілуде. Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атшарушы Ардақ Садықованың айтуынша, оған облыстық «Жас туристер» станциясы, оқушылар сарайы, оқушылар үйі, өнер мектептері, шығармашылық орталықтар, көркемсурет мектептерінің ұстаздары мен оқушылары үлес қосып келеді екен. 

Түркістан облысында маусым айында 350 іс-шара, шілде айында облыстық «Жас туристер» станциясы – 721 іс-шара, облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы – 163 іс-шара өткізген. 

- Барлық іс-шаралар мерзімінде өткізіліп, әлеуметтік желілерге хэштектермен жарияланып отырды. Оның ішінде, 400 саяхат, 8 челлендж, 332 экскурсия, 4 байқау, 2 дебат жарысы, 491 іс-шара ұйымдастырылды. Балаларға арналған қызықты да, көңілді бастамаларға 30 мыңнан астам оқушы қатысты. Алдағы уақытта да осы тектес шаралар легі жалғасуда. Барлығы балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында қолға алынған, - дейді Ардақ Садықова.

Жуырда осы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Көңілді жаз» тақырыбында мектеп оқушылары арасындағы су жарысы өтті. 

Жарыстың мақсаты - оқушылардың жазғы демалыс уақытындағы іс-шараларға қызықтыру, қызығушылықтарын арттыру.

Су жарысын «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы ашып, жарысқа қатысушы топтарға сәттілік тіледі. Сайыс барысында қатысушы топтарға Төтенше жағдайлар қызметкерлері  суда жүзу техникасының ережесі таныстырылып, түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Жалпы 13 топ, 150 үйірмешілермен қызметкерлері қатысты. 

Жарыс қорытындысында І-орын «Бүркіт» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенов Шерхан, ІІ-орын «Қыран» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Бейсенбеков Еркебұлан, ІІІ-орын «Тұлпар» тобы жетекшісі қосымша білім беру педагогы Сұлтанбеков  Әбілхайырхан марапатталды. Жеңімпаз топтар І, ІІ, ІІІ орын жүлделі  дипломдарымен марапатталды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.