Серіктестер

Сайлауға санаулы күн қалды: ОСК төрағасы Түркістандағы дайындықты тексерді

Жаңалықтар 7 тамыз, 2026

Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н.М. Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді,— деп хабарлайды turkistan.today

Сапардың басты мақсаты — алдағы 2026 жылғы 23 тамызғажоспарланған ҚР Құрылтайы сайлауының өңірде қалай ұйымдастырылып жатқанын көзбен көріп, жергілікті комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету.

Төраға өз сапары барысында Түркістан қаласындағы №133 және №951, сондай-ақ Кентау қаласындағы №39 мен №44 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.

Аталған учаскелерді аралау барысында Орталық сайлау комиссиясының басшысы олардың материалдық-техникалық базасын, соның ішінде дауыс беру кабиналарының, жәшіктерінің, оргтехниканың және қауіпсіздік талаптарының жай-күйін жеке өзі тексеріп шықты.

Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, бюллетеньдерді қабылдауға дайындық және халықпен кері байланыс орнату жұмыстарының барысымен жіті танысты.

Төраға сайлау күні келушілерге, әсіресе қария кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға максималды қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.