Рио олимпиадасының қола жүлдегері ақша бопсалағаны үшін қамауға алынды

Рио олимпиадасының қола жүлдегері ақша бопсалағаны үшін қамауға алынды

Ресейдің танымал боксшысы Владимир Никитин Сыктывкарда қолға түсті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2016 жылғы Рио де Жанейро Олимпиадасының және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері 300 мың рубль бопсалады деген күдікке ілінді.

Сот тергеу органдарының Никитинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот қаулысымен 11 қаңтар күні боксшы 1 ай 15 тәулікке қамауға алынды.

Қылмыстық істі Коми Республикасының ІІМ Тергеу басқармасының тергеу бөлімі қарап жатыр.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0