Presight компаниясы Астанада өңірлік кеңсесін ашты

Жаңалықтар 13 мамыр, 2025

Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мохаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға ресми сапары аясында Presight компаниясының Астанадағы шетелдік кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды іске асыру мақсатында Presight компаниясы Астанада кеңсе ашып, елдегі жобаларды қолдап, операциялық қызметін кеңейтуде. ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа кеңсе Presight компаниясының БАӘ-ден тыс шетелдік өкілдігі болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде, бұл жергілікті кадрларды дамыту мен елдің цифрлық трансформациясына компанияның қосқан үлесін көрсетеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бин Мохаммед бин Зайдтың қатысуымен өткен ресми рәсім барысында Presight қатысқан үш келісімге қол қойылды:

– Астана қаласы әкімдігі және ҚР Цифрлық даму министрлігімен жалпы құны 190 миллион АҚШ долларын құрайтын «ақылды қала» жобасын іске асыру туралы келісім;

– Қазақстанның цифрлық трансформациясы аясында жоғары өнімді есептеу орталығын құру үшін екі Nvidia H200 суперкомпьютер кластерін жеткізу жөніндегі келісім.

Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында елорда инфрақұрылымының зияткерлік өзегіне айналатын жағдайлық орталық құрылады. Бұл заманауи платформа энергетика, қоғамдық қауіпсіздік және қалалық инфрақұрылымды басқару сияқты негізгі салаларда интеллектуалды мониторинг пен шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.

«Presight компаниясының Астанада өңірлік кеңсе ашуы – Орталық Азиядағы инновациялар мен технологиялар орталығы ретіндегі мәртебемізді нығайтудың маңызды қадамы. Presight сияқты жетекші компаниялармен серіктестік цифрлық шешімдерді ғана емес, бүкіл қоғам мен бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл елімізде жасанды интеллект дамуына қосылатын маңызды үлес, оны әртүрлі салаларда қолдануға жол ашады», –деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.