Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» камералық залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті
Шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтіп, елдік рухты, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті дәріптеген маңызды мәдени оқиғаға айналды.
Аталған байқау патриотизм ұғымын нақты шығармашылық мазмұнмен толықтырып, азаматтық бірегейлікті нығайтуға, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттауға және шығармашыл бастамаларды қолдауға бағытталды.
Байқауға еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінен келген қатысушылар қатысты. Эссе, бейнежұмыстар, сахналық қойылымдар, поэзия және мультимедиялық жобалар арқылы олар Тәуелсіздік, халық бірлігі және Отанға деген шынайы сүйіспеншілік тақырыптарын кеңінен ашты.
Мемлекеттік рәміздерді заманауи көркем тілде бейнелеген қатысушылар «Рәміздерім – мақтанышым» номинациясы бойынша марапатталды:
• III орын — Нұрланбек Аружан Нұржанқызы
• II орын — Нұрқасым Дамир Айдынұлы
• I орын — Серік Елнұр Бақытжанұлы
Ал көркем ой мен азаматтық көзқарасты үйлестірген жұмыстар «Елдіктің асқақ айбыны» номинациясында жоғары бағаланды:
• III орын — Бахатай Жанна Аманғалиқызы
• III орын — Бисекенова Айдана Жанболатовна
• III орын — Полатова Айнура Жумабекқызы
• II орын — Оспанова Айгерим Маратовна
• II орын — Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы
• I орын — Бимердинова Арайлым Жолдасбекқызы
Жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар мен гүлшоқтары табысталды. Салтанатты кеш мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ұлттық рух пен отансүйгіштікті дәріптейтін өнер туындыларын ұсынды.
Аталған шара тәуелсіз Қазақстанның рухани әлеуетін, мәдени сабақтастығы мен шығармашылық қуатын айшықтаған тағылымды мәдени алаң болды.