Оралда 18 жастағы жалдамалы алаяқ ұсталды

Оралда 18 жастағы жалдамалы алаяқ ұсталды

БҚО ПД CyberPol полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жастағы М.есімді дропперді анықтап, қолға түсірді. Бұл туралы Turkistan Today El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа тұрған ол қызметінің адам алдаумен байланысты екенін біле тұра, алданған адамдардың ақшаларын алаяқтарға жеткізіп отырған.

3 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз тұлға жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешуге көмектесемін деген желеумен түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, алдау жолымен 75 жастағы зейнеткердің қаражатын иемденген, - делінген полиция таратқан мәліметте.

Алаяқтар курьер арқылы ақшаны өздерінің қанжығаларына басып отырған.

Айта кететін жайт, алаяқтар алдымен курьердің көмегімен 3 500 еуро мен 3 500 доллар көлеміндегі ақшаны иемденсе, кейін қайта телефон соғып, қосымша 8 млн теңге талап еткен.

Екінші жағдайда «дропперлер» алаяқтарға Орал қаласының 80 жастағы тұрғынына тиесілі 4 мың АҚШ доллары мен 68 мың рубль ақшасын берген. Қылмыстың болу оқиғасы біріншісіне ұқсас. Бұл жағдайда да алаяқтар туыстарын жауапкершілікке тартпау мәселесін шешу үшін ақша талап еткен, - делінген.

Қоңырау шалғандар «шабарман» жіберетіндерін, ешқайда барудың қажеті жоқ екендігін айтқан. Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0