Олжас Бектенов Қостанай облысында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының жүзеге асырылуын тексерді

Жаңалықтар 15 мамыр, 2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді,- деп хабарлайды turkistan.today

Арқалық қаласында Премьер–министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолын салу жөніндегі жобаның жағдайымен танысты. Жаңа автомагистрал Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырады. Жоба халықаралық стандарттарға сай заманауи жол салуды көздейді. Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев үш жол айрығын, 20 көпірді, теміржол арқылы өтетін бір жол өткелін, елді мекендерге кірме жолдар салу жоспарланып отырғанын баяндады. Нәтижесінде, Астанадан батыс облыстарға қатынайтын бағыт 560 шақырымға қысқарып, 5 сағатқа жылдам жетуге мүмкіндік береді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, трассаның техникалық санаты III деңгейден II деңгейге көтеріледі. Жаңа бағыт 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Өткізу қабілеті тәулігіне 3 мың автокөлікке жетеді. Жалпы, жобаны іске асыру қаланы еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресей арасындағы негізгі логистикалық торапқа айналдырады. Бұл сенімді көлік қатынасын қамтамасыз етіп, өңірдің бизнесі мен экономикасын дамытуға серпін береді.

Премьер-министр автожол құрылысын бір ай ішінде бастауды тапсырды. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.