Нутрицолог: Тез дайындалатын кеспелерді жеуге болмайды

Нутрицолог: Тез дайындалатын кеспелерді жеуге болмайды

Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін жапондық Андо Момофуки ойлап тапқан тез дайындалатын кеспе өндірісіне деген сұраныс қазір де жоғары. Статистикалық деректерге сәйкес, әлем жұртшылығы жылына 44 миллиард кеспе тұтынады екен. Қазіргідей уақыт тапшылығы сезілетін заманда кеспенің әлемдегі ең танымал тағамдардың біріне айналғаны түсінікті де. Алайда уақытымыз бен қаражатымызды үнемдейтін кеспе адам денсаулығына орасан зор зиянын тигізіп отыр. Осылай деп нутрицологтар мен дәрігерлер дабыл қағып жатыр. Тез дайындалатын тағамдардың ағзаға зияны бар екенін жиі айтсақ та өзімізге нақты қандай залал келтіріп жатқанымызды біле бермейміз. Тамақ пісіруге уақыт таппағанда дүкен сөрелерінен өзі тез дайындалатын, қалтаға салмақ салмайтын кеспелерді  денсаулыққа еш алаңдамай, қамсыз сатып аламыз. Осыған қатысты нутрицолог-маман Гүлбану Боранбаеваның пікірін білдік. Маман кеспені жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Turkistan Today.

Елімізде кеспеге сұраныс артқын

Былтыр Түркістан мен Атырау облыстарында тез дайындалатын кеспе жеу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді.

Nielsen Kazakhstan деректеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда тез дайындалатын кеспе нарығының өсуі 12 пайызға жетті. Әсіресе, Түркістан облысында 131%, Атырау облысында 120%-ға өскен.

Соңғы 4 жылда Қазақстанда кеспені тұтыну 76%-ға өскен.

Қазақстан – тез дайындалатын кеспе өндірісі бойынша Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттердің бірі. 2018 жылы вьетнам мен жапон инвесторлары елімізде зауыт ашқан. Осы зауыт былтыр 230 миллион тез дайындалатын кеспе шығарған.

Нутрицолог маманның айтуынша, бұл тағамды жолға шыққаннан басқа кезде тұтынбаған жөн.

Тез дайындалатын кеспе – ағзаға өте зиянды тамақ. Соған қарамастан, өзінің рационында күнделікті қолданатын адамдар қатары азаяр емес. Бұл – алаңдатарлық құбылыс. Біріншіден,  оның тағамдық құндылығы өте төмен. Құрамында минералдар, дәрумендер жоқ. Біз өмір сүруге, жұмыс істеуге күн сайын энергия жұмсаймыз. Сол себебепті тағамдық құндылығы жоғары азық арқылы энергияны толтырып отыру керек, - деді ол.

Нутрицолог аталған тағамды күнделікті тұтынса, қандай минералдар жетіспеушілігі туындайтынын да айтты.

Адам организміне белок, май, көмірсу деген минералдар қажет. Ал кеспенің құрамында белок мүлдем жоқ. Бұлшықетіміз жақсы жұмыс істеу үшін белок жеткілікті деңдейде болуы керек. Ал тағам құрамындағы майлар сапасыз. Бұл – организмге қажетті сапалы майлар емес, транс майлар, гидрогенизацияланған майлар. Олардың пайдасынан зияны көп. Ұзақ уақыт бойы кеспені қолданған адамдарда дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігі болуы мүмкін, - дейді маман.

Тез дайындалатын кеспеге тәуелді болып қалу оңай 

Неге адамдар оны көп тұтынады? Өйткені оның құрамында дәм күшейткіштер, хош иістендіргіштер бар. Бұл заттар адамға тәуелділік тудырады. Ағзаның дәм сезу мүшелері өткір дәмге үйреніп қалады. Содан кейін үйде дайындалған тағамдарды жеген кезде тұзы аз сияқты, дәмі жоқ сияқты болып көрінеді, - деді нутрицолог маман.

Маманның дерегінше, хош иістендіргіш, дәм бергіш қоспалардың ағзаға көп мөлшерде түсуі ішкі ортаны қышқылдандырып жібереді. Бұл өз кезегінде ағзадағы жүрек-қан тамырлары, эндокриндік жүйені бұзады.

Тұзды күнделікті тұтыну мөлшерінен көп пайдаланған кезде оның кері әсері болады. Организмде сұйықтықтың уақытылы бөлінбеуін тудырады. Ал бұл қан қысымына әкеледі. Сондай-ақ бүйрекке зияны бар. Кез келген тез дайындалатын кеспенің құрамында глутамат натрия деген зат бар. Ол неврологиялық бұзылыс туғызуы мүмкін. Әсіресе, неврологиялық ауруы бар адамдарға мүлдем тұтынуға болмайды. Ал басқа адамдар жиі тұтынса, апатияға алып келуі мүмкін. Глутамат натрия адамның тамаққа тәбетін күшейтіп жібереді. Соның салдарынан ол өзінің тойғанын сезбей қалады. Тамақты көп жеп қояды. 10 күннен артық тұратын заттарда зиянды май болады. Осы май құрамында болғаннан кейін олар бұзылмайды. Ал ол бауырдың цитохромдарын бітеп тастайды. Сосын бауыр майға айналады. Ал бауыр майға айналса, фильтр дұрыс жұмыс істемейді. Содан кейін токсиндер ағзаға таралады, миға кетеді. Содан адамның басы ауырады, - деді маман.

Нутрицологтың сөзінше, тез дайындалатын кеспелердің құрамындағы зиянды тағы бір элемент,  ол – пропилен. Бұл кеспе және темекі өндірісінде пайдаланылады екен. Бұл қоспаны сақталу мерзімін, түрін, әдемілігін ұзақ сақтау үшін қосады.

Маман кеспе құрамында гастрит, бүйрек ауры,  қан қысымы мен жүрек ауруларын тудыратын элеметтер бар, мың бір кеселдің көзі деп отыр. Аурудың 70 пайызы – астан. Сондықтан ауру-сырқатсыз  ұзақ ғұмыр кешу үшін ішер асқа назар салған жөн.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0