"Неткен керемет почерк": Тоқаевтың жазуы Нұрлан имамды таңғалдырды

"Неткен керемет почерк": Тоқаевтың жазуы Нұрлан имамды таңғалдырды

Көпшілікке TikTok арқылы танымал болған имам Нұрлан Байжігітұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолымен жазған хатын жариялады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нұрлан имам желіге жүктеген суретте Мемлекет басшысының құттықтауы жазылған. Президент отандық телеарналардың біріне жолдаған алғыс хатты өз қолымен толтырған. Имам аталмыш телеарнадағы бағдарламалардың бірін жүргізеді.

Неткен керемет почерк. Осы жазуы қалай болса, мінезі мен ұстамдылығы да солай дейді мамандар, – деп таңғалды Нұрлан Байжігітұлы.

Айта кетейік, психологтар адамның болмысын жазуына қарап білуге болады деген ұстанымда.

Майда жазумен жазатындар – сабырлы, пихологиялық және эмоционалды тепе-теңдікті ұстанатын адам.

Орташа жазумен жазатындар – мұндай адамдар өте сезімтал келеді. Бәрін жүрекке тым жақын қабылдайтын жандар.

Үлкен жазумен жазатындар – жомарт, қолы да, көңілі де ашық тұлғалар.

Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы 

  • Әріптерді оң жаққа еңкейтіп жазатындардың мінездері тұрақты болып келеді.
  • Ал әріптерді сол жаққа еңкейтіп жазатындар қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін, жеке көзқарасы бар деп білуге болады.
  • Әріптер тік орналасса – ұстамдылық пен қайтпас қайсарлықтың белгісі.

Қолтаңбаның бағыты 

  • Жолдан жоғары шығарып жазатындар – оптимист жандар. Олар досқа адал, кез келген ортаға тез бейімделгіш келеді.
  • Жолдан төмен түсіріп жазатындар – пессимист адамдар.
  • Біркелкі жазатындар– тұрақты мінездың иелері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
2
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0