ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today
Жоғары нәтиже көрсеткен талапкер – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектебінің түлегі. Министр Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының әлеуетіне тоқталды.
– Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына ерекше қуанамыз. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасып келеді. Елде құрылған білім беру экожүйесі халықаралық серіктестердің қызығушылығын арттырып жатыр. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, жаңа білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктер Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді, – деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында «Математика–Информатика» пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, ең жоғары нәтиже көрсетті. Астанаға алғаш рет келген Жәнібек елордадағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап, білім беру инфрақұрылымымен танысты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.