Серіктестер

Миллион жұмыс орны мен қызметкерлердің құқығы: Алматыда «Әділет» партиясының бастамалары қолдау тапты

Жаңалықтар Бүгін, 13:47

Алматыда «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының ұжымымен кездесті. Зауыт қызметкерлері партияның отандық өнімді дамыту, автобөлшектердің елдегі өндірісін арттыру, кадр даярлау мен жұмысшылар үшін әлеуметтік гранттарды күшейтуге бағытталған негізгі бастамаларын қолдады.

Бұл шешімдер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді индустриаландыру, отандық бизнесті қолдау мен адам капиталын күшейтуге бағытталған курсына толық сай келеді. Партия бастамалары сондай-ақ тұрақты экономикалық даму мен азаматтардың құқықтарын қорғау сияқты мығым басымдықтары бар жаңа Конституцияға негізделген.

Ірілердің айналасындағы шағын және орта бизнес

«Әділетті болашақ үшін» бағдарламасын таныстырған партия кандидаттары стратегиялық бағыттарды атап өтті. Соның ішінде, ел экономикасындағы орта бизнестің үлесін 20% жеткізу, миллионға жуық азаматты зейнетақы жарнасы аударылатын және лайықты еңбекақысы бар ресми жұмысқа орналастыру бағыттары бар.
Ал өнеркәсіпті дамытудың негізгі тетігі ретінде отандық тауар жеткізуші компанияларды ірі бизнестің айналасына шоғырландыру ұсынылып отыр. Құрылтай депутаттығына кандидат Нұржан Ниязалиевтің айтуынша, партия ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттарды белсенді енгізді ұсынады. Бұл тәжірибе қазақстандық кәсіпорындардың міндетті түрде тапсырыс алатынына кепіл бермек.

Кадрларға деген қамқорлық және еңбек қауіпсіздігі

Бағдарламаның маңызды бір бөлігі жұмысшылардың мүддесін қорғауға бағытталған. «Әділет» партиясы жұмысшылардың 90 пайызын өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру керек деп санайды. Сондай-ақ партия зейнетақы жарналарын цифрландыру мен ЖИ мен екінші мамандық үйренудің тегін бағдарламаларын іске қосуды ұсынады.

Құрылтай кандидаттығына кандидат Айдос Сарым партияның ең негізгі басымдығы -  кәсіби-техникалық білімді нығайту мен қарапайым қызметкерлер мен инженер мамандардың мәртебесін арттыру екенін атап өтті.  

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan директорының орынбасары Илья Рубцов ең алдымен қазақстандық тауарларды сатып алудың өзекті екенін және кәсіпорынға қажетті мамандарды даярлау мәселесіне тоқталды. Осы зауыттың шаруашылық бөліміндет жұмыс істейтін Тұрсынгүл Бектауова партияның еңбек қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысқа қатысты ұстанымы жұмысшылар үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Отандық өндірістің болашағы зор

Кездесуді қорытындылаған партия төрағасы Айбек Дәдебай соңғы алты жылда қазақстандық атвоөнеркәсіптің көлемі 3,5 есе көбейгенін еске салды.
Ал алдағы бес жылға арналған міндет - Astana Motors зауытының локализациясын қазіргі 14 пайыздан 51 пайызға көбейту. Яғни, осы арқылы зауыт автобөлшектерді жай құрастырып қана қоймай, шикізатты ел ішінде терең өңдеп, экспортқа шығара алады және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүкіндік пайда болады.

Айта кетейік, дауыс беру тәртібі, сайлау процесі және сайлауалды материалдар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан оқи аласыздар.


«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.