Серіктестер

Meta ЛГБТ-контенті бар аккаунттарды жаппай бұғаттап жатыр: ұйымдар цензура деп бағалады

Жаңалықтар 12 желтоқсан, 2025

Британдық The Guardian басылымының дерегінше, ондаған ЛГБТ-қоғамдастықтар мен репродуктивті денсаулықпен айналысатын ұйымдар өз парақшаларының бұғатталғанын немесе қолжетімділігі шектелгенін хабарлаған. Meta мұны әдейі жасалған цензура деген айыптауларды жоққа шығарады.

Соңғы апталарда Meta ЛГБТ-ұйымдарға тиесілі көптеген аккаунттарды, сондай-ақ аборт жөнінде ақпарат беретін құрылымдардың парақшаларын шектеген немесе мүлдем өшірген. Бұл топтардың өкілдері бұғаттаулар алдын ала ескертілмей, түсіндірулері өте мардымсыз күйде жасалғанын айтады. Мұндай әрекеттер наразылық туғызып, компанияға дискриминация жасады деген айып тағылды.

Ал Meta өкілдері ешқандай алдын ала көздеген немесе бір қауымдастыққа бағытталған шара болмағанын мәлімдейді. Компанияның ресми түсіндірмесінде барлық қолданушы платформа ережелерін сақтауы тиіс екені, ал бұғаттау шешімдері нақты ереже бұзылған жағдайда ғана қабылданатыны айтылған.

«Ережелердің белгілі бір топтарға таңдаулы түрде қолданылатыны жөніндегі мәлімдемелер шындыққа жанаспайды», — делінген Meta жауабында.

Басылым дерегінше, шектеу тек ЛГБТ-парақшаларына немесе аборт тақырыбына қатысты аккаунттарға ғана салынбаған: Meta қауіп тобына жататын контент ретінде жалаңаш дене элементтері бар жарияланымдарды да жаппай өшірген.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.