Қытай Димашты саясаттың құрбаны еткісі келді – Ринат Заитов

Қытай Димашты саясаттың құрбаны еткісі келді – Ринат Заитов

«Димаштың Қытай саясатының құрбанына ұшырайын деп жатқаны рас еді. Сол кезде сондай жағдай келе жатқан. Қазір ғой, Димаш оның бәрін түсініп, өзі мына жаққа жұмыс істеп кетті. Ал ол кезде бүкіл репертуарын қалыптастыратын, сахналық болмысын қалыптастыратын Қытайдың продюсерлері болды. Саясат деген сол. Олар сол арқылы Қытайға қазақты жарнамалады. Осындай ел бар екенін көрсетті. Себебі, ішкі Қытайда біздің бар екенімізді көп адам білмейді ғой. Міне, солар қызыға бастайды. Қытайдың өзінің миссиясы бар ғой, олар қанатын жайғысы келеді. Қарап, мыналардың жері тым үлкен, барып жұмыс істейік деп отыр. Инвесторларын салайын десе олар «қайдағы Қазақстан?» деп айтады. Сол кезде міне деп Димашты көрсетеді ғой», - деді Ринат Заитов. 

Ақын Димаш Құдайбергенді інісі ретінде жақсы көретінін, бірақ шынын айту ағалық міндеті екенін айтып отыр. 
«Бірақ Димаш мына жаққа бұрылып кетті, өте дұрыс істеді. Әдемі өзгеріс болды. Қазір әндері қазақша. Қазір Димашпен кездеспейміз ғой, ал бұрын екі күннің бірінде студияда жүретін еді. Өзімнің бауырың, мен ондай болып кеткенін қаламаймын. Жақсы көрем оны, бала кезінен білем. Кезінде, иә, ұрсып та алатынбыз, «бар» деп жұмсап та алатынбыз. Саясатқа ұрынып қалмасын деп айту біздің міндетіміз. Айтқанымызды қабылдай ма, қабылдамай ма, ренжи ме, ренжімей ме, о жағы өзінің ақыл-парасатына аманат болсын», - деп түйді депутат. 

Сұхбаттың толық нұсқасын
 https://www.youtube.com/watch?v=iCZffHA0gNs&t=713s сілтемесі арқылы көре аласыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
1
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0