Keden ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары

Жаңалықтар 8 мамыр, 2025

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік рәсімдерді цифрландырып, оңтайландыруға бағытталған Keden ақпарат жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастырып келеді,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған жүйе «Ашық және басқарылатын кеден» тұжырымдамасын іске асыру арқылы қолданыстағы «АСТАНА-1» және «Экспорт-импорт операциялар жөніндегі бірыңғай терезе» платформаларын алмастыруға арналған.
Цифрлы өзара байланыс және Keden интеграциясы кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасындағы толық цифрлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, бұл әкімшілік кедергілерді азайту мен тиісті рәсімдердің ашықтығын арттырады және тауарлар қозғалысының бақылауын күшейтеді. Қағаз құжат айналымын азайту үшін басқа мемлекеттік әрі коммерциялық жүйелерімен 30 интеграция жүргізіліп, бұл кеден операцияларын жүргізу кезінде қажетті деректерді автоматты түрде алуға жол ашты.

Жүйені енгізудің негізгі кезеңдері
Жоба іске қосылған сәттен бастап келесі функционалды модульдер іске асырылды:
2024 жыл сәуір - экспресс-жүктерді электронды кедендік декларациялау (ЭЖКЖД және ЭЖТД).

2024 жыл қыркүйек - жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу модулі («Қорғас» ХШЫО).
2024 жыл қараша - алдын ала операциялар, транзиттік декларация, уақытша сақтау, тәуекелдерді басқару жүйесі, КТжС төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, кедендік тексеру, резидент емес тұлғаларды тіркеу бойынша модульдерді іске қосу.
2025 жыл қаңтар-сәуір - көлік құралына арналған кедендік декларация бойынша модульдер, 9 кедендік мемлекеттік қызмет, халықаралық почта жөнелтілімдерін кедендік декларациялау.
2025 жыллың 22 сәуірінен бастап — жолаушылардың кеден декларациясының модулі енгізілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.