Хоккейден жастар арасында Қазақстан чемпионы атанған «Астана» клубы марапатталды

Жаңалықтар 6 мамыр, 2025

Бүгін, 4 мамыр күні елорданың «Барыс» спорт кешенінде Jastar hokei lygasy жаңа чемпионы  - «Астана» командасын марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды turkistan.today

Еліміздегі 13 хоккей клубының қатысуымен өткен Jastar hokei lygasy ресми түрде мәресіне жетіп, «Астана» клубы өз тарихында алғаш рет топ жарды. Чемпионатта 7-орын алған елордалықтар плей-оффта бірден мықтыларға тап болды. Олар ширек финалда абсолютті чемпион саналған «Барысты», жартылай финалда былтырғы қола жүлдегер «Торпедо» және финалда тәжірибелі ойыншылардан жасақталған «Ақтөбені» жеңіп кетті. 2020 жылдан бері 1/4 финалдан аса алмаған елордалықтардың бұл көрсеткішін көпшілік күтпегені анық.

«Өкінішке қарай, бұған дейінгі маусымдарда ширек финалда жарысты аяқтап жүрдік. Жігіттеріміздің келесі кезеңге өтетініне сенімдері төмен болды. Осы маусымда құрамға, тактика, ойын өрнегіне айтарлықтай өзгеріс енгіздік. Иә, бұл көрсеткішті сенсациялық деуге келетін шығар. Себебі біз басты фавориттерді жарыс жолынан шығара білдік», - деді бас бапкер Антон Васин.

Маусымды өте сәтті аяқтауына не себеп болғанын да бас бапкер айта кетті.

«Шынын айтсақ, маусымның басында плей-оффқа шығу басты мақсатымыз болған еді. Бірақ жоспарды артығымен орындадық. Өзге ұжымдардан басты ерекшелігіміз - жеңіске жетуге деген ынтамыз өте жоғары болып, соңғы сәтке дейін барымызды салдық», - деп Антон Васин сөзін түйіндеді.

Салтанатты шараға хоккей ардагерлері келіп, чемпиондардың құрметіне мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан қойылым көрсетілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.