Қазақстанда жүріп жатқан Конституциялық реформа жобасына қатысты қоғамдық талқылау – мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды үдеріс. Бұл туралы Олимпиада чемпионы, қоғам қайраткері Ермахан Ибраимов өз пікірін білдірді.
Ермахан Ибраимов ұсынылып отырған өзгерістерді елдің тұрақты дамуына бағытталған маңызды бастама ретінде бағалайды. Оның айтуынша, 2022 жылы басталған Әділетті Қазақстан құру жолы – мемлекетті жаңғыртуға арналған жүйелі саясаттың нақты көрінісі. Қазіргі реформалар сол бағыттағы логикалық жалғасы.
Спортшы ретінде ол үлкен жетістікке жету үшін тәртіп, табандылық және бірлік қажет екенін атап өтті. Мемлекет те дәл осындай қағидаттарға сүйенгенде ғана қуатты бола алады. Қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайту, азаматтардың пікірін ескеру – реформалардың басты мақсаты.
Ибраимовтың сөзінше, шынайы патриотизм – нақты іспен дәлелденетін ұстаным. Әсіресе спорт саласында бұл – жастарды қолдау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау арқылы көрінеді.
Ол қоғамдық талқылаудың маңыздылығына да тоқталып, әр азаматтың белсенділігі реформалардың тиімді жүзеге асуына ықпал ететінін айтты. Бірлік пен ортақ жауапкершілік арқылы ғана әділетті әрі қуатты Қазақстанды қалыптастыруға болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.