Серіктестер

Елімізде 66 журналистке пәтер кілті табысталды

Жаңалықтар 27 маусым, 2026

Қазақстанда соңғы жылдары жүзеге асырылып жатыр-,деп хабарлайды turkistan.today

Қазақстанда соңғы жылдары ақпарат және ғылым салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Журналистердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және жас ғалымдарды қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр

Жалпы мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде 4 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. 

Бүгінде мемлекет ақпарат саласы мамандарының кәсіби қызметіне қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да мүмкіндік жасап отыр.

БАҚ қызметкерлері күніне орай салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді қолдау шараларының жалғасатынын атап өтті.

“Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға аса мән береді. Жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында журналистерге пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналып отыр”, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, соңғы үш жылда Астана қаласында 200 журналист баспаналы болған. Сонымен қатар ол дәстүрлі медианың өзектілігін жоғалтпағанын, бүгінде газеттер мен телеарналардың жаңа форматтарға бейімделіп, мультимедиялық платформалар арқылы дамып келе жатқанын атап өтті.

“Qarmaqshy tany” ақпараттық агенттігінің мәліметінше, «Dara» Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған іс-шарада Президент кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңыздығын айтып өтті.

“Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі-пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат-өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау”,-деді Айбек Смадияров.

Биыл да, журналистермен қатар, мемлекет ғылым саласындағы жас мамандарды қолдауға да ерекше назар аударып келеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.