Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 31 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0