Жиында сайлау науқаны кезінде өңірлердеатқарылған жұмыстар қорытындыланып, партия бағдарламасының негізгі бағыттары сөз болды.
Форумға «Ауыл» партиясының төрағасыҚайрат Айтуғанов, Құрылтай депутаттығынакандидаттар, партияның жастар қанатыныңөкілдері, қоғам белсенділері мен елордатұрғындары қатысты.
Жиында партияның соңғы бір айдағы өңірлікжұмысының нәтижелері таныстырылды. Осы кезеңде «Ауыл» өкілдері еліміздің барлық 20 өңірінаралап, жалпы саны 4 000-ға жуық іс-шара өткізіп, ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, фермерлермен, кәсіпкерлермен, жастармен жәнесарапшылармен кездесулер ұйымдастырған.
Сапар барысында тұрғындарды жұмыспенқамту, отбасы табысын арттыру, жергілікті өндіріспен қайта өңдеу ісін дамыту, жол, су, энергетикалық инфрақұрылым, интернет, білім мен медицинаға қолжетімділік секілді күнделікті өміргетікелей қатысты мәселелер көтерілді.
Форумда сөз алған Қайрат Айтуғановпартияның өңірлер мен ауылды дамытуға қатыстыкөзқарасына тоқталды. Оның айтуынша, ауылдыңдамуы — жұмыс орны, кәсіпкерлік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым, жаңа технология, жастарға жол ашу секілді өзара сабақтасбағыттардың жиынтығы.
Форум аясында Құрылтай депутаттығынакандидаттар Жигули Дайрабаев, ШахмарданБайманов, Рабига Токсейтова, Дәурен Рахымбек т.бсөз сөйледі.
Олар ауылдағы отбасыларды қолдау, еңбекадамының беделін арттыру, өңірлерде кәсіпкерліктідамыту, білікті кадр даярлау және жастардың туғанжерінде білім алып, еңбек етіп, кәсіби жолынжалғастыруына жағдай жасау мәселелерін көтерді.
Форумда өңірлердегі кездесулерде тұрғындарайтқан ұсыныстар мен мәселелер партияныңсайлауалды күн тәртібін қалыптастырудаескерілгені атап өтілді. Бағдарламада өңірэкономикасын күшейту, халықты жұмыспен қамтумен табысын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтужәне қала мен ауыл тұрғындары үшін теңмүмкіндік қалыптастыруға басымдық берілген.

Ресми бөлім аяқталған соң әнші әрі автор QANAY мен ABYROY тобы өнер көрсетіп, концерттік бағдарлама өтті. Кеш соңындақатысушылар «Атамекен» әнін бірге орындады.
Шығарған ұйым: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Тапсырыс беруші: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.