Серіктестер

Атырауда заңсыз қоқыс орны көбейген

Фото: ru.freepik.com
Фото: ru.freepik.com
Жаңалықтар 8 шілде, 2026

Жылыой ауданында заңсыз қоқыс орны көбейген.

AtyrauPress хабарлауынша, Жылыой ауданының прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында ауданның елді мекендері аумағында заңсыз қоқыс үйінділерін орналастыру фактілерін анықтады.

Көзбен шолып тексеру барысында Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, сондай-ақ Қосшағыл, Жем, Ақкиізтоғай, Қараарна және Майкөмген ауылдық округтерінің аумағында 51 учаскеде орналасқан 62 заңсыз қалдықтар жиналатын орын анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды жою шаралары қабылданды.

Нәтижесінде Құлсары қаласының әкімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі және 5 ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Өндіріліп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 227 мың теңгені құрады.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ауданның 495 тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын белсенді қолдауға шақырады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.