Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics корпорациясы Қазақстанда теледидарлар мен кір жуғыш машиналардың өндірісін жолға қойды. Жоба Қарағанды облысының Саран қаласында іске асырылды.
Samsung Electronics компаниясы Қазақстандағы алғашқы өндірістік алаңын іске қосып, Қарағанды облысында орналасқан Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника шығара бастады. Бұл жоба Samsung-тың Орталық Азия аумағындағы алғашқы өндірістік қадамы саналады.
Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігі хабарлағандай, қазіргі таңда Саран қаласындағы зауытта 1 100-ден астам қызметкер еңбек етуде. Өндіріс мемлекеттік құрылымдар, жеке инвесторлар және салалық серіктестердің бірлескен қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат — отандық машина жасау саласын дамыту және жоғары технологияларды ел ішінде өндіру деңгейін арттыру.
Зауыттың жылдық қуаттылығы 150 мың теледидар мен 200 мың кір жуғыш машина шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде SmartThings экожүйесіне бейімделген кір жуғыш машиналар, сондай-ақ Crystal UHD 4K, FHD және HD санатындағы теледидарлар өндірілуде.
2025 жылы сериялық өндіріс басталған сәттен бері 42 мыңнан астам техника бірлігі нарыққа шығарылды. Олардың қатарында жасанды интеллект элементтері енгізілген және қазақ тіліне бейімделген интерфейсі бар үлгілер бар. Алдағы уақытта QLED сериясындағы теледидарларды шығару жоспарланып отыр. Сонымен бірге кәсіпорын 2026 жылғы модельдік қатарды өндіруге кірісіп, өнімдерінің Samsung компаниясының халықаралық сапа талаптарына толық сәйкес екенін растады.
Мамандардың айтуынша, жобаның іске қосылуы Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, өңірге халықаралық технологиялық брендтердің тартылуына оң әсер етеді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.