Шымкент қаласында байдарка және каноэ есуден 2009-2010 жылы туған спортшылар арасында жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті. «Бадам» су қоймасында еліміздің 11 өңірінен келген 150-ден астам спортшы бақ сынады,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысының су спорты түрлері бойынша спорт мектебінің тәрбиеленушілері 19 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль жеңіп алып, бейресми командалық есепте 1-орынға ие болды.
Каноэ жарысында төрт алтын медаль еншілеген ағайынды Дәулет пен Бекзат Шалдарлар ел чемпиондары атанды.
Байдаркада Зоя мен Злата Прядка есімді әпкелі-сіңлілер қарсылас шақ келтірмей, әртүрлі бағдарлама бойынша 13 алтын медаль жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы байдарка-төрттікте Құтан Қарақат пен Ева Воробьева облыс қоржынын тағы екі алтынмен толықтырды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.