Серіктестер

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 7 білім беру нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде

Түркістан 20 тамыз, 2026

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасып, 7 жаңа білім беру нысаны пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде 6 мектеп ғимараты мен оқу корпусы және 1 колледж жатақханасы бар,— деп хабарлайды turkistan.today

Жаңа нысандардың іске қосылуы оқушыларға қолайлы білім алу ортасын қалыптастырып, заманауи талаптарға сай оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

2026–2027 оқу жылында пайдалануға берілетін нысандар:

• Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округі, Шарбұлақ елді мекені – 300 орындық мектеп;

• Түлкібас ауданы, Қарағашты елді мекені – Дауан мектебіне арналған 150 орындық қосымша оқу корпусы;

• Сайрам ауданы, Жібек жолы елді мекені – Бөкейхан атындағы орта мектепке арналған 300 орындық оқу корпусы, асхана, шеберхана және спорт залы;

• Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекені – 300 орындық мектеп;

• Жетісай ауданы, Алтын Кемер елді мекені – 200 орындық мектеп;

• Бірінші Мамыр ауылдық округі, Ынтымақ ауылы – 150 орындық жалпы орта мектеп;

• Созақ елді мекені – №1 колледжге арналған 120 орындық жатақхана.

Жаңа нысандардың ашылуы білім алушылар үшін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды. Әсіресе, мектеп корпустарының пайдалануға берілуі елді мекендердегі оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Айта кету керек, жаңа ғимараттарға білім беру ұйымдарының қолданыстағы штаттық құрылымы көшіріледі. Осыған байланысты қосымша штат бірліктері енгізілмейді және жаңа жұмыс орындары ашылмайды.

Осылайша, жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін білім беру нысандары өңірдегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға және білім алушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызды бөлігі болмақ.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.