Түркістан: Түлкібас ауданында 64 мың гектардан астам алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Түркістан: Түлкібас ауданында 64 мың гектардан астам алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
«Көктемнің бір күні – жылға азық», демекші, түлкібастық шаруалар ерте көктемнен бастап көктемгі егістік жұмыстарына белсене кірісіп, бүгінгі таңда 64485 гектар алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызып үлгерген, деп хабарлайды Turkistan Today.
Оның ішінде: жаздық бидай – 2525 га, арпа – 8795 га, ноқат – 200 га, жүгері – 350 га, тары –145 га, мақсары –10 499 га, жоңышқа –29 242 га, картоп –1200 га және көкөністер –1500 га. Сонымен қатар 10 029 гектарға күздік бидай егілген.

Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның ішінде 706 трактор, 138 комбайн, 417 тіркеме және басқа да қосымша техникалар бар.
Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармайға ниет білдіруші шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отынын босатуға 2 оператор бекітіліп, ауданға 2990 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді.

Олар – ЖК «Узенбаев P.К» және «Санали груп» ЖШС операторлары. Шаруаларға 2 оператор арқылы жеңілдетілген жанар-жағармайдың 1 литрінің бағасы Шымкент қаласынан жеткізілуімен 204,0 теңгені құрады. Аудан көлемінде бүгінгі күнге дейін 2210 тонна ЖЖМ алынды. Қазіргі таңда мамыр айына бөлінген жанар-жағармайды толық шаруаларға босату жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0