Түркістан: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Түркістан: Сайрамда 1500-ден астам оқушы мектепке жаңа автобуспен тегін қатынайды

Биыл Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты 14 елдімекенінде орналасқан мемлекеттік мектептерге шалғайдан қатынайтын оқушыларды тасымалдау үшін 20 және 40 орындық 9 автобус бөлінген болатын. Бүгінде штаттық кестеге сәйкес, 730 оқушы аталған 9  автобуспен мектепке қатынаса, 805 оқушыны «ЯНС» ЖШС-мен келісім-шарт арқылы тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мектептен шалғайда тұратын 1 535 оқушы автобуспен тегін тасымалданып отыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Нақтырақ айтқанда, Сайрам ауданындағы №26 М.Қашқари атындағы жалпы орта мектебі, №104 негізгі орта мектебі және №12 Т.Рүстемов атындағы мектеп гимназиясының шалғайда тұратын оқушылары жаңа берілген автобустармен қатынап оқып жүр.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0