Түркістан облысында жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

 Түркістан облысында жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Түркістан облысы аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердегі ішкі көшелерді қардан тазарту жұмысы тоқтаусыз, тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды Turkistan Today.

Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес жауапты мамандар мен коммуналдық сала қызметкерлері жолға инертті материалдар себу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Аймақтағы қалың қар басып, тұрғындарды әбігерге салған жағдайды тұрақтандыру үшін 75 техника тартылып, 200-ге жуық адам жұмылдырылған.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеуде. Қытымыр қыстың аязына қарамай жұмыла жұмыс істеп жатқан азаматтар халықтың ризашылығына бөленуде.

Қазіргі таңда Созақ, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Сауран аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында жолдар мен аяқжолдардан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталықтары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандары, сондай-ақ демалыс орындарының тазалығына баса назар аударылды. Бұған қоса, елді мекендерде ауыз су, электр желісі, газ саласы бойынша туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде өз жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0