Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Отырар аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің ұжымы 2026 жылғы 15 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды,— деп хабарлайды turkistan.today
Іс-шара барысында «Оқсыз» спорт кешенінің аумағы мен айналасы, сондай-ақ О. Бәмішов көшесі, №4 мекенжайында орналасқан күрес залының айналасы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, аумақтағы қоқыстар жиналып, шөптер шабылды, ағаштар мен нысандардың айналасы ретке келтіріліп, қажетті жерлерге сырлау және әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар спорт нысандарының аумағын көркейту және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Спорт мектебінің ұжымы алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарға белсенді түрде атсалыса бермек.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.