Түркістанда жаңа ғимараттар тек шығыс стилінде салынатын болады

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 15 мамыр, 2025

Биыл Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болды. Түркістан қаласының дизайн коды - «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңы негізінде бекітілген болатын,- деп хабарлайды turkistan.today

Дизайн кодта Түркістан қаласының тарихи, ландшафттық-табиғи, функционалдық, жергілікті ерекшеліктері және тұрғындары мен қонақтарының заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, Түркістан қаласының сәулеттік стилі қалыптасады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар мен барлық меншік нысанындағы ұйымдар қамтылады. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков айтты. 

«Жалпы дизайн код –жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны, аумақтық жоспарлаудың негізгі модельдерін қалыптастыруға бағытталған. Дизайн код барысында қаладағы ешқандай ғимаратқа қайта жөндеу немесе өзгерту жұмыстары жүргізілмейді. Ол қаладағы жаңадан салынатын ғимараттарға ғана қолданылады. Алдағы уақытта қаламыздағы жаңа нысандар шығыс үлгісіндегі стильде салынатын болады»,- деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшеновтің сөзінше, дизайн код – жалпы ережелер, негізгі талаптар, сыртқы ақпарат, көше навигациясы жүйелерін орнату және безендіру, көше жиһазын орнату және безендіру, қасбеттер, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандырудан тұрады. Осы ретте, ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін безендіру кезінде сәулеттік стильге тән жүргізіледі. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.