Түркістанда алғаш рет «Мұз шоуы» өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 4 мамыр, 2025

Түркістанда әлемнің әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары және еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева «Мұз сарайында»  алғаш рет «Мұз шоуы» қойылымын қойды,- деп хабарлайды turkistan.today

Әлемдік турда сондай-ақ Евгения Медведова,  Алина Загитова, Елизавета Туктамышева, бастаған 20-дан астам мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті.  Олимпиада және Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері Түркістан төріндегі мұз айдынының көркін қыздырды. 
Оларды тәжірибелі жаттықтырушы Этери Тутбаридзе бастап келді. Ол – бірегей спорттық шоулардың авторы.

Шараға қатысушылар осындай эстетикалық спорт түрінің және айрықша бекзада өнердің түркістандық көрерменге қолжетімді болғанына қуанышын жеткізді.

«Мұз сарайында» өткен бұл шоу – әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың басын қосқан бірегей жоба. Осы іс-шарада арнайы келген спорт жұлдыздары өздерінің мәнерлеп сырғанаудан  ерекше нөмірлерін көрермендерге ұсынды.

Айта кетейік, Түркістанда қысқы спорт түрлері де дамытылып жатыр. Әлемдік деңгейдегі чемпиондар жас спортшыларымызбен өз тәжірибесімен бөлісіп, оларға спортта үлкен жетістіктерге жетуіне  серпін берді және аймақтың туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосты. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.