Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында тағылымды шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов пен Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және жас сақшылар ғасыр куәсі болған Ұлы отан соғысының ардагері Қалмен Мұратұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтады,- деп хабарлайды turkistan.today
Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныптан аттанған Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Майданда неміс басқыншыларымен ұрысқа түскен ол, 1944 жылдың ақпан айында Витебск қаласының маңында болған шайқаста сол қолынан жараланып, емге жіберіледі. Осылайша елге ІІ-топтағы мүгедек болып оралған. Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің ерліктерін айтып, батасын берді. Бүгінде 101 жасты еңсерген қария 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.
Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт-береке тілеп, сый-сияпатын табыстады. Өзінің өнегелі әңгімелерін жас сақшыларға арнаған қария, генерал бастаған ұжымға алғысын білдірді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.