«Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді,- деп хабарлайды turkistan.today
Әкімдік әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде.
Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. Нұрбол Тұрашбеков тасымал мүмкіндіктерін барынша қарастырып, пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Табиғатқа, ауа-райына кінә артып, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әр ауданның сұранысы тиянақты зерттелуі тиіс. Қазан айына дейін малдың қыстық азығы дайындалып бітуі керек. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, қадамдық жоспар түзуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Жиналыста әр басқармаға нақты тапсырмалар бекітіліп, орындау мерзімі нақтыланды. Аталған мәселе бақылаудан түспейтіні де ескертілді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.