Бүгін ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Жәнібек Ахметов облыстағы инвестициялық нысандарды аралау барысында, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округінде орналасқан «Altyn Land» ЖШС нің «Заманауи иновациялық кірпіш өңдеу зауыты» жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Толық инженерлік инфрақұрылымы бар аумақта орналасқан зауыт, өндіріс секторын ілгерілете отырып, аймақтағы инновацияның дамуына, жаңа жұмыс орнындарының ашылауына мол мүмкіндік береді. Иновациялық зауыт жылжымалы туннелді пеш технологиясымен жүргізіледі. Кәсіпорынның құрылысы өткен жылы тамыз айында басталып, биылғы жылдың мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
7 гектар аумақта орналасқан «Altyn Land» ЖШС-нің жоба құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Онда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндіріс орны жылына 90 млн дана өнім шығармақ. Бұл кәсіпорын іске қосылған соң, аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, аудан экономикасының даму қарқынын артады деп күтілуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.