Түркістан облысының жұмысшы мамандар даярлайтын колледж өкілдері Қытайда тәжірибе алмасты

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 шілде, 2025

Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында фермерлерге арналған халықаралық оқыту курстары өтті. Бұл бағдарламаға Түркістан облысының аграрлық колледждерінде жұмыс істейтін 8 агроном-оқытушысы қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Аталған сапар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қолдауымен жүзеге асып, өңір мамандарының әлемдік деңгейде білім алып, халықаралық тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалды.

Курс Қытайдың жетекші аграрлық университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қатысуымен ұйымдастырылды. Бағдарлама Орталық Азияның нақты климаттық және өндірістік ерекшеліктеріне бейімделіп жасалған. Тренингтер аясында қатысушылар органикалық егіншілік, су үнемдеу технологиялары, агроинновациялар, тұқым шаруашылығы, цифрлық ауыл шаруашылығы, агробизнес және экспортқа бағытталған өнім өндірісі бойынша білім алды.

Сапардың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, заманауи агротехнологияларды енгізу және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Алдағы уақытта шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар әзірленіп, үйренген тәжірибе нақты іске асырылады.

2024 жылғы 7 шілдеде Вэйнань мен Түркістан қалалары арасында достық, алмасу және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл құжат Қытай бас хатшысы Си Цзиньпин ұсынған “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясындағы халықаралық байланысты нығайтудың нақты көрінісі саналады.

Вэйнань қаласының сыртқы экономикалық және техникалық ынтымақтастық бюросының бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара Қытайдың заманауи ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа технологиялары мен тұжырымдамаларын үйренуге бағытталды. Вэйнань аймағының ауылшаруашылық ресурстық әлеуетіне сүйене отырып, алдағы уақытта осындай мақсатты оқыту алмасулары жалғасады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.