Түркістан облысының демографиясы: өсім мен үміттің жаңа беталысы

Түркістан 5 қазан, 2025

Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан облысы соңғы жылдары демографиялық тұрғыдан айтарлықтай оң үрдістер көрсетті. Халық санының өсуі, туу көрсеткішінің салыстырмалы жоғары деңгейі, ауылдық жерлерде тұрықтылық — бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі. Осы мақалада облыстың демографиялық көрсеткіштері, оның өсім себептері, қалыптасқан позитивті тенденциялар және болашаққа бағытталған мүмкіндіктер талданады,- деп хабарлайды turkistan.today

Елдегі 833 мыңнан астам көпбалалы ананың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады. Жыл өткен сайын өңірде туу көрсеткіші өсіп келеді. Мамандар: «Демографиялық ахуалдың жақсара түсуіне мемлекеттің қамқорлығы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруы себеп»,– дейді. 

 Түркістан қаласының тұрғыны Гаухар Киізбаева «Алтын алқа» иегері. Жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп отыр. Үлкен балалары мектепте оқиды. Ал өзі үйде қалып, төрт кішкентайының күтімімен айналысады. Оның айтуынша, қазір көпбалалыларға көрсетілер көмек пен жеңілдіктер де жеткілікті.

Гаухар Киізбаева, «Алтын алқа» иегері:

-Жақында осы кішкентай балаларымның арқасында баспаналы болып жатырмын. Осыларға көмек аламыз. Алтын алқамыздың ақшасы бар, балаларға берілетін жәрдемақы бар. Атаулы әлеуметтік көмек аламыз. Оған да рақмет. Барынша, қолдарынан келгенше мемлекет көмектесіп жатыр. 

Ал Зәуреш Қожамбердиева алты баланы тәрбиелеп отырған жалғызілікті ана. Ол мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көрсетіп отырған қолдауға ризашылығын білдіреді. Қазір Түркістан қаласындағы облыстық басқармалар үйінде тазалықшы болып жұмыс істейді. 

Зәуреш Қожамбердиева, «Күміс алқа» иегері:

-Осы жерде 3-4 жылдан бері жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Тазалық жағына қараймыз. Барлық жерді тазалап, жуу біздің міндетіміз. 

Түркістан облысында бүгінгіше 185 мыңнан аса көпбалалы ана тұрады. Оның 63 мыңға жуығы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың саны 118 мыңға жуықтайды. Ал Батыр және I-II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған аналардың саны 5400-ге жеткен.

Айжан Беркімбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы :

-8 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Оның 4,5 мыңға жуығы көпбалалы отбасылардың үлесінде. 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Күміс» және «Алтын» алқамен марапатталған аналарға, бұрын «Батыр ана» атағын алған және I-II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған аналарға жергілкті бюджет есебінен 63 мыңнан астам анаға 510 млн теңге біржолғы көмек көрсетіледі. 

Қазір өңірдегі әрбір отбасында кемінде төрт-бес баладан өсіп келеді. Мамандар мұны еліміздегі тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының жақсаруымен байланыстырады. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.